Мүфтият жастары Парламент Сенатының алғыс хатымен марапатталды

04 қараша 2024 382 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жас мамандарына ҚР Парламенті Сенатының алғыс хаты берілді.

Қазан айының 8-9 күндері елордада Әлемдік діндер лидерлері съезі Хатшылығының ХХІІ отырысын және Жас діни лидерлер форумын өткізуге белсенді атсалысқаны үшін Сенат Аппаратының басшысы Максим Споткай мүфтият мамандарын марапаттады.

Айта кетейік, Діни басқарманың Мысырдағы тұрақты өкілі Руслан Серғазиев, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы, Діни Сараптама бөлімінің маманы Нұрсейіт Омар, «Muftiyat» баспасының маманы Темірлан Сайлаубек, Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы мен Уағыз-насихат бөлімінің маманы Қазыбек Ануарбекұлы съез Хатшылығының кезекті отырысы мен Жас діни лидерлер форумында мұсылман мемлекеттерінен келген делегаттарға аудармашы (liaison) ретінде қызмет көрсеткен болатын.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру