«MUFTYAT» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ АРНАЙЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ (ФОТО)
Соңғы жылдары «Muftyat» баспасынан дініміз бен дәстүрімізді дәріптейтін және басқа да бағыттарда құнды кітаптар шығарылып келеді. Осы бағалы еңбектермен Астана жұртшылығы таныс болсын деген ниетпен «Әзірет Сұлтан» мешітіне кітаптардың арнайы көрмесі қойылды.
Көрменің арнайы ашылу рәсімі өтіп, оған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, «Muftiyat» баспасының директоры Мұрат Манапұлы Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов және мешіт жамағаты қатысты.
Шара барысында көрмеге қойылған кітаптарға қысқаша сипаттама беріліп, дін қызметкерлері жамағатқа еңбектермен танысып, құнды кітаптарды оқуды ұсынды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!