«MUNARA TV» – Цифрлық ақпарат тарату желісінде!

09 тамыз 2022 797 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» Цифрлық ақпарат тарату желісіне (ЦЭТВ) қосылды. Бұл – діни, рухани-танымдық арна бұрынғыдан да қолжетімді болды деген сөз.

Сүйінші хабарды «Munara TV» директоры Нұржан Таласұлы жеткізді.

«Мүфтияттың төл телеарнасы «Munara TV» көрермендер үшін қолжетімді болды. Бұдан былай «Munara TV» арнасын Цифрлық ақпарат тарату желісінде 22-ші, «Отау ТВ» спутниктік желісінде республика бойынша 19-шы (бұрын 49-арна болатын),  ал ID TV кабелдік желісінде 23-арнадан тамашалай аласыздар» дейді арна директоры.

Руханияттың мұнарасы – «Munara TV» арнасы үйіңізде қосулы болсын!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру