МҰҚТАЖ ОТБАСЫДАН ШЫҚҚАН БАЛАЛАР ТЕГІН СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ (ФОТО)
01 маусым 2024
1133
0
Оқу режимі
Бүгін 1 маусым балалар күніне орай Астанадағы №2 балалар емханасында әлеуметтік көмекке мұқтаж 30 отбасының ұл балалары тегін сүндетке отырғызылды.
Аталмыш шараға мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, «Аманат» партиясының қалалық басшысы Мұқамеджан Болысбек, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әлия Рустемовалар қатысып сүндетке отырғызу рәсіміне құтты болсын айтып, игі тілектерін білдірді.
Сондай-ақ, инклюзивті балаларға аниматорлар шақырылып, мерекелік көңіл-күй орнап, балалар мәз-мейрам болды.
Шараға қатысушылар мен ата-аналар қауымы емхана басшылығы мен қызметкерлеріне ризашылық білдіріп, ұлт болашағы - балалар денсаулығына жасап жатқан жұмыстарына абырой тіледі.
Пікірлер
Кіру