Наиб мүфти Ислам институтында имамдармен жүздесті (ФОТО)

16 мамыр 2022 2581 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имамдармен  кездесті.

Кенжеәлі Қоңыратбайұлы институттың жұмыс барысымен танысып, білімін жетілдіріп жатқан дін қызметкерлерімен сұхбаттасты. Имамдарға түрлі тақырыпта уағыз-насихатын жеткізіп, тәжірибесін бөлісті. Сүбелі сұхбатқа институт директоры Серікбай Ораз да қатысты.

Наиб мүфти Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат – иманның көрінісі екенін, руханият бірінші орында тұру керектігін айтып өтті. Сондай-ақ имамдық қызмет құрметті әрі жауапкершілігі зор мамандық екенін тілге тиек етіп,  дәстүрлі дінімізді ұлықтап, елге қызмет етуге шақырды. Жұмыстарына береке тілеп, арнайы дұға жасады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру