Наиб мүфти «Киелі табиғат» экологиялық акциясына қатысты (ФОТО)

24 сәуір 2021 3800 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Нұр-Сұлтанда өткен «Киелі табиғат» республикалық жастар экологиялық акциясына қатысты.

Акция аясында елордадағы Ботаникалық бақта ағаш отырғызылды. Шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталды.

«Бабаларымыз бұрыннан табиғатты аялап, құрметтеген. Бүгінгі «Киелі табиғат» экологиялық акциясы бабалардан келе жатқан сол үрдісті жалғап, кейінгі жас буынға тағылым ретінде қалдыру мақсатында өткізіліп отыр», – деді Ершат Оңғар.

Айта кетейік, «Киелі табиғат» акциясы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында жалғасады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру