Наиб мүфти мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)

19 маусым 2019 5449 0
Оқу режимі

Ресми сапар аясында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы Шымкент қаласына қарасты мешіттердің діни ахуалы мен қатар тыныс-тіршілігімен танысты.

Соның ішінде, жуырда ғана пайдалануға берілген Қаратау ауданына қарасты «Аңламас ата» мешіті мен Еңбекші ауданы «Абдулхамид Әл Мухсим» мешітінде болып, әрбір атқарылған жұмысына айрықша мән берді.

Осыдан кейін, Қаратау ауданы, Достық шағын ауданында жаңадан 1500 жамағатқа арналып салынып жатқан  мешіттің құрылысымен танысты.

«Мешіт  жер бетіндегі ең қасиетті орын болып саналады. Сондықтан мешіттің тазалығы мен мәдениетіне аса мән беру қажет. Ол үшін мешіт қызметкеріне артылар жүк пен жауапкершілік жоғары екендігін сезіну тиіс» - деді наиб мүфти Б.Есмахан.

Сондай-ақ, наиб мүфти Б.Әбдірашұлы қаланың өкіл имамы Б.Бейсенбаев пен оның наиб имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әрбір мешіт толық құжаттануы, мешіт аумағын жасыл желекке айналдыру, мешіт дәретханаларын ыстық сумен қамтамасыз етілу және алдағы уақыттарда мешіт салу кезінде сәулеті мен сапасына, сыйымдылығына айрықша мән беру т.б.

Осы тұста айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 105 мешіт ҚМДБ филиалы болып тіркелген. Бүгінде, қала аумағында жаңадан 8000 мың орынды бір мешіт, 1500 орынды 10 мешіттің құрылысы жүргізілуде.

Дереккөз: Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру