Наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы республикалық конференцияға қатысты (ФОТО)

22 қараша 2018 7056 0
Оқу режимі

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың конференц залында «Зайырлылық – қоғамдық келісім кепілі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Н.Тағанұлы, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ проректоры, PhD Қ.Құрманбаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Ұласқанұлы, қалалық және аудандық мешіт имамдары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов пен басқарма қызметкерлері, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Б.Камалов, АТТ мүшелері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті С.Оразбай, психология ғ.к. А.Аяғанова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры, тарих ғ.к. У.Ибраев, философия ғ.д. Б.Қожамберлиев, сонымен қатар учаскалық және ювеналдық полицейлер, «Зайырлылық және дінтану» пәні мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысып, тақырып аясында қоғамдағы өзекті мәселелердің түйінін жан-жақты зерттеу арқылы оларды тиімді шешу жолдарын талқылады.

Мәжілісіте наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің «Исламдағы толеранттылықтың ролі мен маңызы» тақырыбында баяндамасында толеранттылықтың озық үлгісі бола білген Пайғамбарымыздың өнегісі мен өмір-салтын алға тартса, ғалым Қ.Құрманбаев «Жастарға діни білім берудегі Отандық оқу орындарының әлеуеті мен маңызы» тақырыбында баяндама жасап, діни білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қозғады.

Тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген республикалық конференция соңында сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасты.

Пікірлер Кіру