Наиб мүфти сәбилердің тұсауын кесті (ФОТО)
Бас мүфти Серікбай Ораздың бастамасымен биылғы жыл «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланған еді. Осыған орай Көкшетау қаласындағы «Жақия қажы» мешітінің жанында «Жанұя жарасымы» орталығы ашылып онда қазақтың ұлттық салт дәстүрлерін діни жоралғылармен ұштастырып өткізу мақсат етілген болатын.
Көкшетау қаласындағы іс-сапары барысында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев аталмыш орталықта болып «Ізгі аналар» клубының сұрауымен бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, нәрестелерге батасын берді.
Наиб мүфти дәстүрлі діннің ұлттық болмысымызбен біте қайнасқан рәсімдерінің тағылымына жан-жақты тоқталды. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың санасына имани тәрбиенің сәулесін сіңіру аса қажет екенін тілге тиек етті.
«Жанұя жарасымы» орталығының ұлттық һәм діни тәрбие беруге негізделген бастамасына оң баға берді.
Дереккөз: Ақмола облысының баспасөз қызметі