Наурызбай қажы Тағанұлы 401-үйдің кілтін табыстады (ФОТО)

21 мамыр 2021 2631 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Сырым ауданы Жымпиты елді мекенінде өткен «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

«Зекет» қорының ұйытқы болуымен, жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асқан қайырымдылық акциясының нәтижесінде жалғызбасты ана, баспанаға аса мұқтаж Света Мерцке үйдің кілті салтанатты түрде табысталды. Светаның бір баласы мүгедек екен. Бас мүфти оның отбасына жақсылық тілеп: «Алла Тағала Құранда әр қиындықтан кейін бір жеңілдік болатынын айтқан. Отбасыңызға амандық пен береке тілеймін. Кішкентай балаларыңыз өскенде елдің қамын ойлайтын, халық игілігі үшін қызмет ететін тұлғалар болсын. Ислам қайырымдылық діні болғандықтан, біз қашан да өз мүмкіндігіміздің аясында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз», – деді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру