Наурызбай Қажы Тағанұлы «Айюб Сұлтан» кешенін зиярат етті

16 сәуір 2022 1062 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Стамбұл қаласында өткен халықаралық конференциядан соң Түркітілдес елдер мүфтилерімен бірге «Айюб сұлтан» кешенін зиярат етті.

ҚМДБ Төрағасы Ислам тарихында айрықша орны бар саңлақ сахаба Әбу Айюб әл-Ансаридің рухына құран бағыштап, дұға қалды.

Сұлтан Айюб Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көршісі болған. Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Константинополь (қазіргі Стамбұл) бір күні азат етіледі. Оны алған әскербасы қандай жақсы әскербасы, оны алған әскер қандай жақсы әскер!» деген сөзіне амал етіп, сол әскердің құрамында болуды үміт еткен. Жасы 80-ге таяған уақытында Константинопольді бетке алған әскер құрамында болып, дүние салып, осы қаланың түбінде жерленген.

Кейін Сұлтан Айюб жерленген жерге мешіт тұрғызылып, мұсылмандардың қасиетті орнына айналды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру