НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ИОРДАН МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

03 маусым 2024 1383 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иордан мүфтиі Ахмед Ибраһим әл-Хасанатпен кездесті.

Мәртебелі мүфти Ахмед Ибрахим әл-Хасанат Иордания Хашимит Корольдігіне жұмыс сапарымен келген Діни басқарма Төрағасын жылы қабылдап, қонақтарға құрмет көрсетті.

Өз сөзінде Иордан мүфтиі екі ел арасындағы байланыстардың оң басталғанын атап өтіп, табысты болатынына сенім білдірді.  Ал Бас мүфти өз кезегінде мәртебелі мүфтиге ізгі шақыртуы үшін әрі меймандос ниетіне шын жүректен алғыс білдіріп, діни-рухани даму жолындағы байланыстардың орнағанына қуанышын жеткізді.

«Сізбен кездескеніме қуаныштымын. Әрине бұл сапарда біз көп тәжірибе аламыз. Біз сіздермен пәтуа беру, әсіресе заманауи пәтуа беруде ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Әрине бұл салада Сіздердің көпжылдық тәжірибелеріңіз бізді қызықтырады.  Алдағы уақытта діни сұрақтарға жауап беретін ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандарымен бірлескен өзара кездесулер әрі онлайн тәжірибе алмасу өткізуге де мүмкіндігіміз бар. Екі ел арасындағы діни салада бірлескен көптеген жұмыс бағыттары бар деп есептеймін. Осы сапардың бір жемісі арадағы алшақтыққа қарамастан, хақ дініміз бізді жақындастырады.

Мәртебелі мүфти, осы сәтті пайдаланып шынайы алғысым мен ризашылығымды білдіремін және Алла Тағаладан зор денсаулық, табыс тілеймін» деді ҚМДБ Төрағасы. 

Кездесуде тараптар екі ел арасындағы түрлі салада әріптестік орнату, меморандум қабылдау және тәжірибе алмасу тетіктері бойынша сөйлесті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру