Наурызбай қажы Тағанұлы Қарилар орталығындағы шәкірттерге насихат айтты (ФОТО)

19 маусым 2021 2469 0
Оқу режимі

Түркістан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құсшы ата ауылында орналасқан «Мұхаммад Шүкір ата» мешіті жанындағы қарилар орталығындағы шәкірттермен кездесті.

Шәкірттерге насихат айтқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Құран жаттау – екі дүние жақсылығына бөлейтін үлкен сауапты іс. Бұл істе табандылық танытып, Алланың сөзін ыждағатпен жаттаңыздар. Құран жаттаған шәкірт мектепте де оқу озаты болу керек. Жақсы білім алып, еліміздің игілігіне қызмет етіңіздер», – деді.

Орталыққа өзге де өңірден арнайы келіп, дәріс алатын шәкірттер бар екен.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру