Наурызбай қажы Тағанұлы ректорды қабылдады (ФОТО)
02 сәуір 2019
7173
0
Оқу режимі
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының Бірінші орынбасары, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы «Нұр-Мүбәрак» университетінің ректоры, доктор Мұхаммед Шахат әл-Жинди мырзамен кездесті.
Кездесуге университет проректоры Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ Халықаралық қатынас және протокол бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаровтар қатысты.
ҚМДБ-ның Елордадағы жаңа ғимаратымен танысқан ректор мүфтият ұжымына құтты болсын айтты.
Басқосу барысында Мұхаммед Шахат әл-Жинди Бірінші наиб мүфтиге университеттің жұмысы жайлы баяндады. Екіжақты кездесуде университет қабырғанда тәлім алып жатқан болашақ дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыру мәселелері талқыланып, жан-жақты сөз болды.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру