«Нұр Астана» мешітінде жаңа оқу жылы басталды (ФОТО)

11 қыркүйек 2019 6038 0
Оқу режимі

11 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр Астана мешітінде Сауат ашу курсының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды Ummet.kz тілшісі.

Мешіт жанындағы Сауат ашу курсының 2019-2020 жылдарға арналған жаңа маусымының басталуына орай салтанатты шара өтті.

Шараға Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің І наиб имамы Марат Бектазинов, «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры Жапал Долиев арнайы қатыстып, шәкірттерді жаңа оқу маусымының басталуымен құттықтады.

Курс аясында білім алушыларға «Әліппе, тәжуид», «Ислам шарттары (хадис, сира, фиқһ)», «Иман шарттары(ақида)» қатарлы пәндер бойынша сабақ беріледі. Мешіт жанындағы сауат ашу курсына таңғы бөлім (10:00 – 11:30 аралығында) және кешкі бөлім (шам намазы мен құптан намазының аралығында) жұмыс жасайды.

Жаңа маусым бойынша сабақ алушыларды тіркеу жұмыстары әлі жалғасуда. Курсқа 11 жастан жоғары балалар және ересектер (ерлер мен әйелдер) қабылданады. Курсқа тіркелу үшін жеке куәлігінің көшірмесі болуы, жасөспірім балалар үшін ата-анасының өтініші міндетті. +7 775 562 20 44 уацап нөмері арқылы курсқа онлайн тіркеле аласыздар.

2
2

2

2

2

2

2

2

2

Дереккөз: UMMET.KZ

Пікірлер Кіру