Нұр-мүбарак университетінің ректоры Ораза айтпен құттықтады

26 мамыр 2020 1132 0
Оқу режимі

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесіне байланысты құттықтау хат жолдады.

«Сізді және сіз басқаратын ҚМДБ ұжымды, жалпы қазақ мұсылмандарын өз атымнан және Нұр-Мүбарак университеті ұжымы атынан Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ораза айт мерекесі жақсылықты, қуанышты хабардың сүйіншісі деп есептеймін. Алла Тағала келер айтқа аман жетуді, жақсы күндерде жолығуды жазсын! Дін игілігі үшін, ел қамы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Алла бересін берсін!» делінген құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру