Нұр-Сұлтан өкілдігінің есепшілері марапатталды (ФОТО)

04 маусым 2022 895 0
Оқу режимі

Жақында Шымкент қаласында ҚМДБ Есепшілерінің жылдық қорытынды жиналысы өткен болатын. Жиын қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бас есепшісі Қайрат Әнуарұлы жылдық есеп бойынша үздік деп танылып, Бас мүфти марапаты табысталған болатын.

Осыған орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің қатысуымен Елорда мешіттерінің есепшілеріне арналған құттықтау шарасы болып өтті. Бас имам Ерболат Нұрылдаұлы бұл жетістіктің артында барша есепшілердің еңбегі барын атап өтіп, жемісті қызметтері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, жиын аясында Елорда мешіттерінің есепшілеріне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс хаты» және Нұр-Сұлтан өкілдігі атынан марапат табысталды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру