«Nureke» шұжығы сертификатталды (ФОТО)

31 наурыз 2021 4107 0
Оқу режимі

Көпшілікке әлеуметтік желіде «Nureke» сауда белгісімен танылған Нұрдәулет Шертімнің шұжығы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы – Діни басқармаға арнайы келген өнер иесіне сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Ясмин» шұжық цехында шығарылатын «Nureke», «Алсем», «Омад», «Аянат» т.б шұжықтар «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды.

«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді. Халық сенімін ақтай отырып, адал да таза, пайдалы өнім өндіре отырып кәсіп жасау – оңай емес. Қалтаның емес, халықтың қамын ойлаған сіздердей ел азамттары бар кезде «халалдың» туы желбірейтіні анық. Біздің басты мақсатымыз – тұтынушылар сенімінен шығып, елге де, кәсіпкерлерге де пайдалы қызмет ету. Осы жолда кәсібіңізді халалмен тоғыстырғаныңызға Алла разы болсын! Алдағы уақытта міндетті бақылау-қадағалау шаралары орындалып, қажет болса, лабороториялық тексеріс жұмыстары да жүргізіледі» деген Айбек Асқарбекұлы Нұрдәулет Шертімнің кәсібіне береке тіледі.

Өз кезегінде, белгілі әзілкеш әрі өнер иесі Нұрдәулет Шертім «Халал Даму» ұжымына алғысын білдіріп, Алланың аманатын адал атқаратынына уәде берді. Естеріңізге сала кетейк, қазіргі таңда инстаграм желісінде кеңінен тараған «Сека ням-ням», «Айдың нұры ет», «Меиржачная», «TerriTima» секілді танымал блогерлер мен вайнерлердің шұжықтары «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған. Аталған шұжықтар «Халал Даму» бақылауындағы шұжық цехтарында өндіріледі.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру