Онлайн сұрақ-жауап конференциясы өтті (ФОТО)

17 сәуір 2020 5051 0
Оқу режимі

Бүгін Діни басқарма ғимаратында онлайн сұрақ-жауап конференциясы өтті. Сұрақ-жауап форматында өткен онлайн кездесу Діни басқарманың ресми каналдары мен әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Онлайн кездесуде көрермендер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Оларға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, осы бөлімнің маманы Медет Құрсақов және елордадағы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслімов жауап берді.

Сұрақтардың басым бөлігі Рамазан айына дайындық, тарауық намазының оқылуы, підияны беру тәртібі, пітір садақаны онлайн беру, зекет мөлшері, ауызашар өткізу сынды тақырыпты қамтыды. Тікелей эфир кезінде мамандар 60-тан аса сауалға жауап берді.

ҚМДБ «Хикмет» студиясының youtube каналы мен мүфтияттың инстаграм желісіндегі парақшаларын бір мезетте 300-ге жуық қолданушы көріп отырды. Осы аралықта 200-ге тарта сұрақ жолданды. Жалпы онлайн эфирді 19 392 көрермен тамашалады.

Айта кетейік, тікелей эфирде қамтылмай қалған сауалдарға Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары алдағы уақытта жауап бермек. Сондай-ақ Діни басқарма жанындағы Call-орталыққа хабарласып, жауап алуға болады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру