Оразада онлайн хатым оқылады (ФОТО)

21 сәуір 2020 4396 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

«ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет ТВ» студиясы арқылы Рамазан айында күн сайын Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір сағат арнайы онлайн-хатым оқылып, қасиетті Қадыр түнінде Құран Хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, muslim.kz истаграм парақшасы арқылы онлайн режимде Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарымен күнделікті «Батамен ел көгерер» атты дұға жасау рәсімі ұйымдастырылатын болады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Тікелей көрсетілім «24 Хабар» телеарнасында, Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube, Facebook желісіндегі парақшаларында өткізілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру