Орфографиялық сөздік: Діни терминдердің ортақ жүйесі қалыптасады (ФОТО)

08 маусым 2021 2355 0
Оқу режимі

Өскемен қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде діни орфографиялық сөздік шығару мәселесі талқыланып, осы бағытта арнайы дайындалған кітаптың жобасы пысықталды.

Ғұламаларға кітап жобасын белгілі исламтанушы ғалым, діни бағытта бірнеше еңбектің авторы, ғылым кандидаты Рашид Мұхитдинов таныстырды.

«Ақпарат құралдары мен түрлі кітаптарда діни сөздер мен терминдер әртүрлі жазылады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында арнайы сөздік шығаруға шешім қабылдадық. Сөздіктің жобасы дайын. Алла бұйырса, жуық арада оқырманға жол тартады деген ниеттеміз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру