ӨТКЕН АПТАДА ПАЙҒАМБАР (ﷺ) МЕШІТІНДЕ 6 МЛН-НАН АСА АДАМ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТКЕН

20 қараша 2023 1200 0
Оқу режимі

Өткен аптада қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде 6 млн-нан аса адам намаз оқыған.

Барлық  мұсылман қауымы құрмет тұтатын әрі маңызы жағынан Меккедегі Харам мешітінен кейінгі орында тұрған мешітте бір аптаның ішінде 6,3 млн мұсылман, соның ішінде екі әлем сардары Мұхаммед Мұстафаның (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі орналасқан әр-Рауда аш-Шәріпте 127 мыңнан астам адам намаз оқыған.

Осы орайда биылғы умра маусымында 10 млн-ға жуық адам кіші қажылыққа келетінін айта кету керек. Бұған қоса, әр-Рауда аш-Шәріпке қажылар алдын ала жазылу арқылы кіре алатынын ескертеміз.

Дереккөз: islam.kz

Пікірлер Кіру