Пандемия кезінде жанұя құрғысы келетіндер саны артқан

02 қыркүйек 2020 3976 0
Оқу режимі

Әлем бойынша коронавирус індеті белең алып, оқшаулар режимі басталғалы бері мұсылман жастары арасында болашақ жұбайын іздеу үрдісі күрт көтерілген. Minder, Muzmatch и Hawaya секілді танысу қосымшаларына тіркелушілер саны әлем бойынша алдыңғы орынға шыққан. Осыған байланысты Muzmatch қосымшасы өз қолданушылары арасында сауалнама жүргізген екен.

«Пандемия кезінде, үйде жалғыз қалғанымда, өз өмірімі жайлы көбірек ойлана бастадым. Жанұя құратын уақыт жеткенін сезініп, болашақ жарымды іздестіре бастадым», – дейді Ясир Шерази есіді азамат.

«Қиын кезеңдерде адамдар өздеріне тірек-қолдау іздей бастайды. Сондықтан да өзіңе қашанда қолдау көрсетіп, жанашыр болатын сүйіктіңді табуға тырысу қажет», – дейді Сим Ахмед есімді Muzmatch маманы.

Айта кетейік, жақында ғана Muzmatch қосымшасына тіркелгендер саны 1 миллилоннан асқан.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру