Пәтуа маманы сауалдарға жауап береді

29 сәуір 2021 591 0
Оқу режимі

ҚМДБ діни ақпарат беру орталығында «Call орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі «Рамазанның соңғы түндері» тақырыбына арналмақ.

Ертең, 30 сәуір күні Діни басқарманың @muftiyatkz инстапарақшасында өтетін тікелей эфирде Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы оқырмандар сауалына жауап беріп, оразаның соңғы он күніне орай кеңесімен бөліседі.

Қасиетті Қадір түні жасырылған соңғы он түн – мұсылмандар үшін Рамазан айының ең маңызды кезеңі. Тақырыпқа қатысты сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирде 87172333030 нөміріне хабарласа аласыздар. Сондай-ақ инстапарақшаға direct арқылы да сауал жолдауға мүмкіндік бар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру