Павлодар мешіттері әр бейсенбі сайын тегін ауызашар беруді бастады (ФОТО)

12 қараша 2018 8854 0
Оқу режимі

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлының бастамасымен енді әр бейсенбі сайын шаһар мешіттері жамағатқа арнап тегін ауызашар дастарханын жайып отыратын болмақ. Игі бастаманың алғашқы ауызашары өткен аптада Павлодар қаласындағы «Ғазиз» мешітінде бастау алған болатын.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүннетімен ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстаған жамағаттың басын қосқан берекелі дастархан басында уағыз-насихат айтылып, Павлодар қаласының жамағаты үшін бейсенбі күнінің бағасы арта түскендей. Өкіл имам Жолдас Қоспақұлының айтуынша, бұл игі бастама әр бейсенбі сайын қалалық «Мәшһүр Жүсіп», «Омар әл-фаруқ», «Әбу Бәкір сыддық», «Ақмешіт» мешіті, «Бижан» мешіттерінде жалғасын тауып осы ретпен  қасиетті Рамазан айына дейін жалғасын табатын болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру