ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с.) ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ САЛАУАТ ЖАРЫСТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ (ФОТО)

16 қазан 2023 1270 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас ғимаратында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмірбаяны және Салауат жарыстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының Мәуліт айының құрметіне орай Елорда мешіттерінің әйел жамағаты арасында ұйымдастырған қос жарыстың жүлдегерлеріне сый-сияпат табысталып, басқа қатысушыларға да қуаныш сыйлаған рухани шара болды.

Рухани кеш аясында көрермендерге Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен сыр шертетін видеороликтер қойылып, жүлдегер қатысушылар өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы да ізгі тілегін білдіріп, әйел жамағатына насихат айтты. Шара барысында Әйел-қыздар секторының Астана, Алматы, Павлодар өкілдіктеріндегі жауапты ұстаздар да тұшымды баяндамалар жасады.

Айтулы шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов пен Дін істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Диханбаевтар арнайы қатысып, сайыс жүлдегерлерін Мәуліт мерекесімен құттықтады. Дін қызметкерлерінің Елорда руханиятына өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын тілге тиек еткен Басқарма басшысы бүгінгі шараның да орны айрықша екенін атап өтті.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру