Премьер-министр Ораза айт мерекесімен құттықтады

24 мамыр 2020 1523 0
Оқу режимі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.  Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Ұлық мейрам адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін, сенім мен ерік-жігерді нығайтатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.

Алла Тағала ниет еткен жандардың игі істерін, дұғалары мен тұтқан оразасын қабыл етсін! Мұсылмандардың осы қасиетті айда жасаған барлық рухани және шарапаты мол ізгі амалдары жыл бойына ұласып, келесі Рамазан айында еселене берсін. 

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, татулық пен игілік тілеймін! - делінген құттықтау хабарламада.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру