ҚАЛА БАС ИМАМЫ АСТАНАЛЫҚ ҚАЖЫЛАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛДЫ (ФОТО)

08 маусым 2024 160 0
Оқу режимі

Бүгін Астанадағы халықаралық әуежайдан елордалық қажылар қасиетті сапарға аттанды.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қажыларды шығарып сала отырып, парыздарын аман-сау өтеп қайтуларын тіледі.  

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 16 туроператорға жалпы саны 5081 қажылық орны бөлінді. Тасымалдау жұмыстары биыл Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларынан жүзеге асады. Қазақстандық қажыларға отандық «Air Astana» мен «SCAT», сондай-ақ «Flynas» (Сауд Арабия Корольдігі), «Air Arabia» (БАӘ), «Jazeera» (Кувейт) мен «Turkish Airlines» (Түркия) сынды халықаралық әуе компаниялары қызмет көрсетеді.

15 адам кескіні болуы мүмкін

9 адам, шамадан және мәтін кескіні болуы мүмкін

13 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

11 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру