«QAMQOR-SHARAPAT»: АСТАНА ИМАМДАРЫ ЗИРАТ ТАЗАЛАУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

29 қыркүйек 2024 422 0
Оқу режимі

Елордада «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет - тіріге міндет» тәмсілімен зират тазалау акциясы өтті.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттердің дін қызметкерлері мен жамағаты атсалысты. Акция аясында зират іші шөптерден толық тазартылып, ретке келтірілді. Сондай-ақ, қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, оның сауабы марқұмдар рухына бағышталды.

Мұсылман зиратының маңайын тазалап отыру - жәй ғана міндет емес, ізгі амал. Осы ізгі амалды өскелең ұрпаққа көркем түрде насихаттау, дүниеде қадірлі болған мұсылман адамның қабірін аяқасты етпей, құрметпен қарау - бүгінгі шараның негізгі мақсаты.

Пікірлер Кіру