«QAMQOR-SHARAPAT» ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)
ҚМДБ, Астана қаласы өкілдігінің бастамасымен бүгін «AQ MESHIT» мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты мамандарына семинар өтті.
Семинарда ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы және «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының Астана қаласы бойынша меңгерушісі Дәурен Мүслимов сөз сөйледі.
“Құранда “Ысырап етпеңдер, күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді” (“Әнғам” сүресі, 141-аят) делінеді. Орталықтың мақсаты - халыққа ысырап етпей, жоралғыларды тірілерге мақтану үшін емес, қайтқан кісіге сауабы тисін деп атқаруды насихаттау. Өйткені дініміз орынсыз ысырап пен даңғазаны қолдамайды,” - деді Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов.
Шара барысында өткен жылғы атқарылған іс-шаралар мен 2024 жылға жоспар жайы талқыланды.
Айта кетейік, «QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. ҚМДБ бекіткен үлгіге сай 2021 жылы Астана қаласында «AQ MESHIT» мешітінде орталығы ашылған болатын. Қор аясында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат» құжаттары дайындалды. Сондай-ақ қала мешіттерінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында көптеген семинарлар ұйымдастырылды.