Қаңтар айында 7924 діни сұраққа жауап берілді

02 ақпан 2021 383 0
Оқу режимі

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық Сall-орталығы қаңтар айында халықтан түскен 7924 діни сұраққа жауап берді.

Атап айтқанда, жеке кездесу арқылы – 1397, қоңырау шалу арқылы –1883, әлеуметтік желілер арқылы 4644 сұраққа жауап берілді. Республикалық Сall-орталығына келіп түскен сұрақтардың 50%-ы – құлшылық, 13%-ы – сауда-саттық пен қарыз, 9%-ы отбасылық мәселе туралы берілген. Шариғат және пәтуа бөлімінде отбасы құқықына қатысты 31 мәселе қаралып, оның 27-сіне тиісті шешім шығарылды.

Сонымен қатар мүфтияттың сайтында «Желатиннің үкімі» атты пәтуа және «Тик-ток түсіруге бола ма?», «Шахмат, нарды ойнау харам ба?», «Намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқуға бола ма?» секілді өзекті мәселелер жарияланды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ діни ақпарат орталығының (call-center) 8 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе fatua.kz@bk.ru поштасына хат жолдау арқылы сұрап біле аласыздар.

Пікірлер Кіру