Қарағанды: «Әнет баба» мешітінде Құран жарысы өтті

26 наурыз 2024 361 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа оқудан сайыс өтті.

Сайыстың ашылу шымылдығында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз алып, қатысушыларды рамазан айымен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдіре келе, сәттілік тіледі.  

Сайысқа «Қамзе ата» мешітінің имамы Бауыржан Мейімбекұлы, «Әл-Азхар» университетінің түлегі Әбділмәлік Мұртұлы, «Хусамаддин Ас Сығанақи» институтының түлегі, «Үштөбе оқу ағарту орталығының» ұстазы Дәулет Ізетбекұлы төрелік етіп,сайысқа қатысушы шәкірттерге Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқуға қатысты  жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Бағалау барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 

Жоғары деңгейде өткен сайыс нәтижесі:

І орын Муллаев Сайдмахмуд (300 000 теңге);

ІІ орын Әбдіразақ Қасым Жанарбекұлы (200 000 теңге);

ІІІ орын Тілеуқұл Жанәділ (100 000 теңге).

Сонымен қатар, сайыста жеңімпаздардан бөлек  жоғары нәтиже көрсеткен Тұрдымахаммед Мухаммад, Әбдіразақ Ибрагим және Бекболат Жанарбекұлына қаржылай 50 000 теңгеден әр қайсысына  ынталандыру сертификаттары табысталды.

Пікірлер Кіру