«ҚАРИМЕН СҰХБАТ»: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

13 маусым 2023 2014 0
Оқу режимі

 «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсының шәкірттеріне арналған «Қаримен сұхбат» атты рухани кездесу өтті. Құран аяттарымен басталған рухани кездесуде қонақ болған Республикалық Бас мешіттің наиб имамы, қари Серік Ахметов балаларды Құран үйренуге шақырып, өзінің қарилыққа жетудегі қиындықтарымен және Құран жаттау әдістерімен бөлісті. 600 шәкірт қатысқан игі кездесуде «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Қайнар Базарханұлы да сөз сөйлеп, балаларға Құран оқудағы мақамдар жайында ақпарат беріп, Құранды әуезді оқуға шақырды. Кездесу соңында қари Серік Ахметов Құран аяттарын оқып, мешіттен білім алып жүрген балалардың келешегі үшін дұға етті.

Суреттер топтамасын "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру