«Қайырымды шаңырақ» акциясы жалғасуда (ФОТО)

11 қаңтар 2020 6604 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде қасиетті жұма күні көп балалы отбасылар мен мүгедек жандарды қуанту дәстүрі жалғасып келеді.

Мешіт жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық. Бүгін де қолы ашық демеушілердің арқасында 30 мұқтаж отбасының көңіліне қуаныш ұялады. Бұған дейін де ұйымдастырылып жүрген «Қайырымды шаңырақ» атты акцияның жалғасы ретінде бүгінгі өткен шарада «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов алғы сөзін сөйлеп, қайырымдылық шарасына демеушілік көрсеткен азаматтарға көпшілік атынан алғыс білдірді.

«Құран Кәрімде «жақсылық және тақуалықта (бір-бірлеріңізге) жәрдемдесіңіздер» деп Алла бұйырғандай, қасиетті жұма күні мешітіміздің қайырымдылық істерінде үнемі атсалысып, қаржылай және материалдық жағынан қолдау көрсетіп жүрген атымтай жомарт, асыл азаматтарға мешіт әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз», - деді.

Сонан соң ішінде көпбалалы және мүгедек жандар қамтылған мұқтаж отбасыларға көлемді азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетілді.

1

1

1

1

1

1

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру