«Қайырымды жұма» аясында 40 отбасыға көмек берілді (ФОТО)

13 мамыр 2022 3134 0
Оқу режимі

Күндердің сұлтаны қасиетті жұмада Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек таратты. «Қайырымды жұма» шарасы аясында Елрдамыздағы мүмкіндігі шектеулі 40 жанға азық-түлік берілді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша жауапты өкілі Мерей Жақия жамағатқа жұма күнінің қадір-қасиетін түсіндіріп, бүгінгі қайырымдылық шарасының маңызын жеткізді.

Айта кетейік, «Қайырымды жұма» акциясы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру