«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫ» атты шығармалар байқауын жариялайды

09 қыркүйек 2021 3231 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Нұр-Сұлтан» қаласы өкілдігінің «Рахымқызы Раиса Ана» мешіті Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТАРИХЫ» атты шығармалар байқау жариялайды. Байқауға Қазақ халқының  өмірі мен салт-дәстүрінен озық дүниелерді жаңғыртып, тарихи, ғылыми, әдеби-мәдени мазмұндағы шығармалар қабылданады. Басты талап - шығарма І.Есенберлиннің «КӨШПЕНДІЛЕР» трилогиясы негізінде жазылуы керек.

Байқауға қатысатын мақала kazakh.xandigi.30@mail.ru поштасына 10 қазанға дейін жолдануы тиіс. 

Сондай-ақ мақала авторының аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны қоса жіберілуі тиіс.

Байқаудың шарттары: Шығарма қазақ тілінде, Times New Roman шрифтімен жазылуы шарт. Көлемі 1-2 бет.керек. 

Қосымша мәліметтерді +77757207510 телефоны арқылы білуге болады.

Пікірлер Кіру