Қазақстанның үздік қолөнер шеберлері марапатталды

01 қазан 2018 7952 0
Оқу режимі

ҚР Ұлттық мұражайында «Шебер-2018» Қазақстан қолөнершілері байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқау осымен 10 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл оған 76 өтінім тапсырылып, олардың 27-сі финалға шықты.

Жұмыстардың басым бөлігін Түркістан, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Атырау, Алматы, Тараз және Қапшағай өңірлерінің жас шеберлері жолдаған. «Республикалық байқауға қатысу шеберлердің өнерпаздықтарын дамытуға ынталандыра отырып, өзінің қолданбалы өнер бұйымдарына дәстүрлі сарын мен ежелгі техникамен бірге заманауи бірегей шешім мен өзінің жеке авторлық стилін, дүниетанымын қосуға мүмкіндік береді», - дейді байқау ұйымдастырушысы Айжан Бекқұлова.

Жұмыстарды өнертанушылар, суретшілер мен бизнес өкілдерінен құралған сараптама комиссиясы бағалады. Қазылар алқасының құрамында, сондай-ақ халықаралық сарапшы - белгілі зергер Мартина Демпф (Германия) болды.

Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталды: «Жоғары шеберлік» - Көкенов Серікқали, Казаков Илья, «Жоғары сапа» - Юлдабаев Рафаиль, «Жаңашылдық»- Жылыбаева Кұндыз, Шапабаев Қайрат, «Дарынды бастау» - Лахан Нұржан, Әшімов Диас, «Төлтума» - Бейсбеков Берік, «Ұлттық мәдени бренд» - Айдарша Мереке, «Қазақстандық ұлттық кәдесый» - Қапқызы Тамара, Рысбаев Абайхан. Ал 2018 жылдың «Үздік шебері» марапатын Тұрдығұлов Жолаушы иеленді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру