- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ МӘДИНАДА 1000-НАН АСТАМ ҚАЖЫНЫ КҮТІП АЛДЫ (ФОТО)
ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ МӘДИНАДА 1000-НАН АСТАМ ҚАЖЫНЫ КҮТІП АЛДЫ (ФОТО)
09 маусым 2024
1891
0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан 1000-нан астам отандасымызды күтіп алды.
Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шығарып салған қажылар Мәдина қаласына аман-есен жетті. Қажылық миссиясының төрағасы Ершат Оңғар, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов қажыларды қарсы алып, қажетті кеңестерімен бөлісті.
Алматы-Мәдина бағыты бойынша тікелей рейспен жеткен отандастарымыз Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Айта кетсек, кеше Мәдина қаласында өз жұмысын бастаған Қажылық миссиясы жерлестеріміздің жай-күйімен танысып, сұхбаттасты.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram
Пікірлер
Кіру