ҚАЖЫЛЫҚ ОРЫНДАРЫН АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

14 сәуір 2022 4047 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясы Королдігінің Қажылық және умра министрлігі ақпарат құралдарында 2022 жылы шетелдік азаматтарға қажылық құлшылығын жасауға рұқсат берілетіні жайында хабарлады.

Бұл ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (әрі қарай – ҚМДБ) биылғы жылы қажылықты ұйымдастыру бойынша Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігімен өзара әрекеттесіп келіссөздерді өткізуді жоспарлауда, солардың ішінде қажылық орындарын алу бойынша сұрақтарды шешу көзделіп отыр.

ҚМДБ 2022 жылы Қазақстанға қажылық орындарын алуды қажылыққа баруға ниет білдірген еліміздің азаматтарының нақты санын, сондай-ақ қажылық саласында қызмет көрсететін қазақстандық туристік фирмалардың мүмкіндіктерін ескере отырып шешуді жөн көріп отыр.

Осыған орай, қажылық және ұмра саласында қызмет көрсететін тәжірибелі турфирмалардың арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2022 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында ҚМДБ конкурс жариялайды.

 

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:

  1. «Қажылық-2022» маусымында нақты игере алатын қажылық орын саны және оны игере алмаған жағдайда толық жауапкершілікті алатыны туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жазуы;
  2. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және оның қосымшасының болуы;
  3. Діни туризмді (қажылық және ұмра) ұйымдастыруда 5 жылдан асқан оң тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  4. ҚР заңдарын және САК қажылыққа қатысты қойған талаптарын бұзбауы;
  5. Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің болуы және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
  6. ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты, әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайты жайлы ақпарат).

 

Аталған құжаттар 15 сәуірден бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 25 сәуірге дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туристік фирмалардың ұсыныстары қаралмайды.

Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне 87714770717 тел. арқылы хабарласуға болады.

ҚМДБ Қазақстан үшін қажылық орындарын Саудия тарапынан алуды аталған конкрустың қорытындыларын назарға алып жүзеге асырады.

                                         

ҚМДБ Қажылық бөлімі

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру