ҚМДБ АСТАНА ӨКІЛДІГІ 50 МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ (ФОТО)
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен игі іс-шара өтті. Елордалық 50 мұқтаж отбасыға 50 тонна көмір мен азық-түлік өнімдері үлестірілді.
Қайырымдылық шарасы әлеуметтің осал топтарын қолдау және қыс мезгілінде отбасылардың тұрмыс жағдайын жеңілдету мақсатында ұйымдастырылды. Көмекке мұқтаж жандарға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік себеттері мен жылыту маусымына арналған көмір үлестіріліп, олардың қажеттіліктері ескерілді.
«Бұл игі шара – мұқтаж жандардың жүгіне жеңілдік әкелу және қоғамдағы қайырымдылық дәстүрін нығайту жолындағы маңызды қадам. Қайырымды жандардың қолдауы арқасында осындай іс-шараны жүзеге асырып отырмыз», – деп атап өтті «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Қабланұлы.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі