ҚМДБ АСТАНА ӨКІЛДІГІНЕ ҚАРАСТЫ «ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ  500 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҮЛЕСТІРІЛДІ (ФОТО)

17 наурыз 2024 403 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік берілді. Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың қатысуымен өткен игі шарада күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер салынған «Рамазан сыйлығы» қораптары таратылды.

Игі шараның басы-қасында жүрген «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы да мұқтаждың мұңын бөлісу мақсатында көмек қолын созып отырған демеуші жандарға өз алғысын жеткізіп, жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтады.

Астана қаласының өкілі Ерболат Нұрылдаұлы қасиеті айдың құрметіне орай «Рамазан сыйлығы» айдары астындағы қайырымдылық шарасы қаладағы басқа да мешіттерде жалғасын табатынын жеткізді.

Суреттерді толығырақ сайтымыздың «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыз!

Дереккөз: muslim.kz

 

Пікірлер Кіру