ҚМДБ: Аймақтарда құрбан айт намазы оқылады (ФОТО)

15 шілде 2021 2828 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биылғы айт намазы қалай оқылатынын да атап өтті.

«20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07.00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. Дегенмен «қызыл» аймақта Құрбан айт намазы жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес оқылады», – деді ҚМДБ Төрағасы.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның аймақтардағы өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетінін атап өтті.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру