ҚМДБ: Биыл елімізден 3000 азамат қажылығын өтейді

03 тамыз 2018 6713 0
Оқу режимі

2018 жылы Сауд Арабия Корольдігі Қажылық министрлігі Қазақстан үшін 3000 адамға квота бөлді. 

Қазақстандық қажыларға 18 компания қызмет көрсетеді . Тапсырыс берушілер арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүреді. Бүгінгі күні виза 1500 адамға дайын.

Биылғы жылдың ерекшелігі – қажылардың киім үлгісі бірдей. Биылғы сапар 4,4-5 мың долларды құрайды. Қасиетті орындарға Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан авиарейстер жүзеге асырылады.

Қажылыққа баратын азаматтардың алғашқы легі 8-9 тамызда аттанады. Олар 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға оралады.

Пікірлер Кіру