ҚМДБ дін қызметкерлерінің жаназа және астарды атқару тәртібі

18 маусым 2020 5149 0
Оқу режимі

18.06.2020 жылдан бастап 

Жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге қойылатын талаптар:

  • Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету;
  • Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;
  • Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;
  • Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;
  • Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;
  • ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;
  • Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;
  • Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;
  • ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізілуге кеңес береді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру