ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХV мәжілісі басталды (ФОТО)

11 маусым 2020 5220 0
Оқу режимі

Бүгін Павлодар қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  төрағалығымен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің көшпелі ХХV мәжілісі өз жұмысын бастады.

Кеңес жұмысын ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ғұламалар кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты. Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады екен?» деген сауалдар жиі айтылады.

Бұл – сіз бен біздің атқарған ауқымды еңбегіміз бен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарымыздың жемісі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, халқымыз елең-алаң күй кешкен сәтте біздің ғұламалар онлайн режимде маңызды құжаттарды талқылап, қажетті пәтуалар қабылдады. Бұл пәтуаны жамағат дұрыс қабылдап, біздің Үндеуге мойынсұнып, бірлігін көрсетті», - деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кеңестің кезекті мәжілісінде «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат мәдениеті», «Үздік зияткер имам тұжырымдамасы» сынды құжаттар мен «Үй сатып алуға жиналған ақшадан зекет беріле ме?», «Жарыстарға қатысты шариғат үкімі», «Тағамға қосылатын спирт өнімдерінің үкімі» туралы пәтуалардың мәтіні талқылануда. Сонымен қатар, кеңес жұмысына сәйкес, «Қожа Ахмет Ясауи» туралы кітап жобасы қаралады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру