ҚМДБ «ХАЛАЛ ДАМУ» ӨКІЛДЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУДА

02 сәуір 2026 32 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар Түркияның Анкара қаласында өтіп жатқан халықаралық оқу семинарына қатысуда.

Семинар Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) мен Түркия Республикасының Халал аккредиттеу мекемесінің (HAK) бірлесуімен ұйымдастырылған. Бір апталық оқу бағдарламасы «Халал аккредитациясы және персоналды сертификаттау бойынша техникалық оқыту» тақырыбына арналған.

Бағдарлама аясында қатысушылар халал аккредитациясы мен сертификаттау бағытында кәсіби біліктіліктерін арттырып, халықаралық тәжірибе мен үздік практикаларды зерделеуде. Сонымен қатар саладағы өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибе алмасу мүмкіндігі қарастырылған.

Оқу семинарына Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінен сала мамандары қатысуда.

Аталған іс-шара отандық халал индустриясын дамытуға, халықаралық талаптарға сәйкестікті арттыруға және мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған.


Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру