ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ – БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА (ФОТО)
07 сәуір 2024
1299
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды.
Қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қаратөбе ауданындағы жедел штабтың жұмысымен танысты. ҚМДБ делегациясы су басқан Аққозы ауылының тұрғындары көшіріп әкелінген Қажым Жұмалиев атындағы мектепке арнайы барып, резіңке аяқ киім, қажетті тұрмыстық заттарды жеткізді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар жандарға арба табыстады.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру