ҚМДБ ӨКІЛДЕРІ МЫСЫРДАҒЫ ИСЛАМ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУДА

19 қаңтар 2026 43 0
Оқу режимі

Бүгін Мысыр Араб Республикасының Уақып министрлігінің ұйымдастыруымен Каир қаласында «Исламдағы мамандықтар: олардың этикалық негіздері, әсері және жасанды интеллект дәуіріндегі болашағы» атты Ислам істері жөніндегі Жоғарғы кеңестің 36-халықаралық конференциясы өтуде.

Аталмыш конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, «Халықаралық байланыс және хаттама» бөлімінің маманы Махамбет Саттарұлы қатысуда.

Халықаралық конференцияға әлемнің 50 елінен, 180-нен астам ғалымдар, дін өкілдері қатысуда.

Екі күнге созылатын конференцияда экстремистік ой-пікірлерге қарсы тұру үшін бірізді стратегиялар әзірлеу, қоғамдардың тұрақтылығын сақтауда діни мекемелердің рөлін талқылау, сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде цифрлық құралдарды қолдану жолдары баяндалады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру