ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫН ТАНЫСТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

03 наурыз 2024 1555 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Павлодар облысының имамдарына Ғұламалар кеңесінде соңғы бекітілген пәтуаларды таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Жиынға ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мен жергілікті имамдар қатысты.

«Имамдарға пәтуаға қатысты сауалдар жиі қойылады, сонықтан бұл саладағы шешімдерді халыққа насихаттаудың маңызы зор. Пәтуаларды насихаттау ісі –халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты деп білеміз. Соның ішінде, жиі сұралатын тақырыптардың бірі – халал мәселесі», – деген Айбек Асқарбекұлы халалға қатысты Ғұламалар кеңесінде бекітілген соңғы пәтуалардың маңыздылығын түсіндірді.

Жиын соңында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пәтуа беру мәселесінің өзектілігі талқыланды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру