ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДАҒЫСТАНДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

07 қараша 2022 2809 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен кеңсе меңгерушісі Нұрбол Шайқыұлы Дағыстан Республикасының астанасы Махачқала қаласында «Религиозные и семейные ценности в деле сохранения традиций: вызовы настоящего и решения для будущего» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Жиынға Ресей Федерациясының түрлі өңірлерінен және шетелден беделді дін қызметкерлері, ғалымдар, мамандар мен сарапшылар, БАҚ мен билік өкілдері қатысып, отбасын сақтау, отбасы мәдениеті, бала тәрбиесі сынды қазіргі қоғамның маңызды әрі көкейкесті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ мамандар бүгінде «ЛГБТ әрекетінің» кең насихатталуын, балалардың бір жынысты отбасында тәрбиеленуін, жастар арасында гендерлік сәйкестендірудің бұлыңғырлануын айтып, оның зияны мен салдарын түсіндіруге тырысты.

Айта кету керек, осы жылдың 27 қазанында мемлекеттік Дума депутаттары Ресейде «дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттауға» толық тыйым салуды қамтитын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған екен. Сонымен қатар, бүгінде Ресейде «ЛГБТ-ны насихаттауға» тыйым салуды бұзғаны үшін бұрынғы заңмен салыстырғанда жаза қатаңдатылуда.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру